🏆 Дене шынықтыру оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы жалғасуда!
2025 жылғы 13-16 мамыр аралығында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің базасында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында жарқын оқиға — дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби шеберлік байқауы өтуде.
📅 14 мамыр сайыскерлер үшін бай және маңызды күн болды. Қатысушылар екі модульде бақ сынасты:
📌 Модуль 2-оқу сабағының жоспарын және студенттердің жетістіктерін бағалау чек-парағын әзірлеу.
Тақырыптар тікелей конкурс күні жеребе арқылы анықталды! Байқауға қатысушылар сабақты сауатты жоспарлау, мақсат қою, әдістерді таңдау және бағалау құралдарын әзірлеу қабілеттерін көрсетті. Әдістемелік шеберлік, сабақты құру логикасы, шығармашылық және өзінің педагогикалық практикасын талдай білу ескерілді.
📌 Модуль 3-сабақтың негізгі кезеңін өткізу.
Осы кезеңде қатысушылар еріктілер тобын тарта отырып, сабақтың практикалық бөлігін өткізді. Тиімді қарым-қатынас дағдылары, жұмысты сауатты ұйымдастыру, оқыту әдістемесін меңгеру және нақты білім алушыларға мазмұнды бейімдеу бағаланды.
🔥 Мұғалімдер жоғары кәсібилік, Пәндік білім, сыни тұрғыдан ойлау, өзгерістерге икемді жауап беру және ең бастысы — өз үлгісімен шабыттандыру қабілеттерін көрсетті!