Мемлекеттік рәміздер күніне орай колледж кітапханасында “Тәуелсіздігіміздің рәміздері”көрмесі ұйымдастырылды. Кітап және мерзімді басылымдардың материалдары Тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің құрылу тарихымен, ҚР Мемлекеттік рәміздері мерекесінің тарихымен таныстырады. Ұсынылған әдебиеттерде Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы мәліметтер, олардың Ту мен Елтаңбаның эскиздерімен жұмыс істеу туралы естеліктері келтірілген. Көрме материалдары біздің еліміздің тарихи жолын, оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірін көрсетті. Қазақстандық мемлекеттік рәміздер-бұл көркемдік бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеяларының хабаршылары.