2025 жылдың 13 наурызында “Біртұтас тәрбие” жобасын іске асыру аясында Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында колледж кітапханашысы О.В. Гребенщикова “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”викторинасын өткізді. Іс-шараға ПР-2-24 тобының студенттері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты жастарды ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа баулу, студенттердің ұлттық мұраға ұқыпты қарауын ойын-сауық түрінде сіңіру, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасына арналған әдебиеттерді дәріптеу болды.
Викторина үш кезеңнен тұрды: “Ұлттық тағамдар”, “Салт-дәстүрлер”, “Сиқырлы сандық”.
Іс-шара соңында кітапханашы қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша қолда бар әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.