Қазіргі қоғамдағы-толеранттылық

ТӨТ-КО-1-23 тобында «Қазіргі қоғамдағы-толеранттылық» тақырыбында сынып сағаты өтті. Толеранттылық-бұл ұлттық рухани құндылықтарға, жалпы адамзаттық білімге, тәрбиеленушілердің дүниетанымын қалыптастыратын мәдениеттердің бірлігіне қосылуды көздейтін көп мәдениетті тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Мақсаты: студенттердің “толеранттылық” ұғымы туралы білімдерін кеңейту, толерантты және интолерантты тұлғаның негізгі ерекшеліктерімен таныстыру; Өзін және басқа адамдарды барабар және толық тану қабілетін дамыту; студенттерге өздерінің толеранттылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беру. Студенттер сынып сағаты барысында тестке жауап беріп,қаншалықты толерантты екенін анықтады. Сонымен қоса, «Толерантты ағаш» бейнесінде қазіргі қоғамдағы құндылықтарды жазып көрсетіп,сынып сағатын қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған