Бүкіл колледж ұжымы үшін үлкен мақтаныш!
Біздің студент Говако Роман ҚР Білім Министрлігінің және “Talap” КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан “Қазақстан Республикасының ТОП-100 студенті”беделді республикалық жобасының жеңімпаздарының қатарына енді.
📍Биылғы жылы жоба ерекше маңызға ие, өйткені ол жұмысшы кәсіптер жылы — техникалық және қолданбалы мамандықтардың беделін арттыруға, талантты жастарды қолдауға және еңбекті танымал етуге бағытталған бастама аясында өткізіледі.
💡Говако Роман Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің Астанадағы салтанатты марапаттау рәсімінде колледжді таныстыру құрметіне ие болған жалғыз өкілі болды.
🎙️ Осы жоғары деңгейде ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ермек Беделбайұлы Көшербаев пен Білім министрі — Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың алдында сөз сөйлеп, өзінің әлеуметтік маңызы бар IT-жобасы — “QOMEK VOLUNTEER”мобильді қосымшасын таныстырды.
🚀 Бұл жеңіс студенттің жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуына қосқан үлесі.
Біз Романды шын жүректен құттықтаймыз және колледжімізді республикалық деңгейде лайықты көрсеткені үшін алғыс айтамыз!
Бұл жетістік жаңа жетістіктер мен технологиялық бастамаларға Шабыт болсын!
#ҚРТОП100студенті #жұмысшымамандықтар #ҚИПК #ГовакоРоман #QOMEKVolunteer #колледжмақтанышы #волонтерлық #қазақстанжастары #цифрлықшешімдер