24 наурызда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде оқытушылар арасында “Педтехниканың заманауи тәсілдері”тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты-оқытудың белсенді әдістерін, білім алушылардың оқу сауаттылығын енгізу бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында колледж педагогтары топтарда белсенді жұмыс істеді, сабақтың әртүрлі кезеңдерінде мәтінмен жұмыс істеу бойынша кейбір педтехникаларды талдады: білім алушыларды негізгі кезеңге дайындау, жаңа білімді қалыптастыру, білімді бекіту, білімді бақылау және өзін-өзі бақылау, рефлексия. 

Семинар қорытындысы бойынша, рефлексияны өткізу барысында педагогтер осы тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған