«Психологиялық-педагогикалық пәндер ПӘК» әдістемелік онкүндігі аясында 13 сәуірде арнайы пән оқытушысы Аханова А.М., ЖБП-21 тобында өзін-өзі тану пәнінен «Адамның рухани кемелдігі» тақырыбында ашық сабақ өтті. тұлға» ұғымына анықтама беру мақсатында «руханият», «рухани бағдар», «толеранттылық».

Сабақ барысында тапсырмалар орындалды, «Рухани құндылықтарды» жүзеге асыру, жақсы мен жаманды ажырата білуін бағалау; Жеке тұлғаның жұмсақ қасиеттерін тәрбиелеу, коммуникативті дағдыларды дамыту, топпен жұмыс істеу.

Сабақтың құрылымы қазіргі өзін-өзі тану сабағының мазмұнына қойылатын әдістемелік талаптарға сай болды. Сабақтың әр кезеңі әртүрлі интерактивті оқыту әдістерімен қанық болды, оқу іс-әрекетінің жеке, топтық түрлерін өзгерту сабақта оқушылардың белсенді оқу және танымдық әрекетін қамтамасыз етті. Мұғалімнің оң көзқарасы, мейірімді үні сабақта сенімді қарым-қатынас атмосферасын құруға ықпал етті. Сабақтың моральдық-психологиялық ахуалы топтық жұмыстың нәтижелі болуына, Softskills тұлғалық қасиеттерінің дамуына, коммуникативті дағдылардың дамуына ықпал етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған