“Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК
9 және 11 сыныптар базасында бюджеттік және коммерциялық негізде мамандар даярлайды
Оқу нысаны: күндізгі.
Мақсаты: нарықтық экономика мен дағдарыс жағдайында бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған, сауатты, көпшіл маман даярлау және шығару.
Мамандығы: 09230100 Әлеуметтік жұмыс.
Біліктілігі: 4s09230102 Әлеуметтік қызметкер
Оқу мерзімі: 11 сынып негізінде 1 жыл 10 ай
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілі: орыс
Бұл мамандық бүгінгі таңда өзекті және сұранысқа ие. Колледжді бітіргеннен кейін түлектер мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік қызметтерде, Халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс істей алады.
Мамандық бойынша оқыту халықтың түрлі санаттарымен жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді: мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер, жұмыссыздар, аз қамтылғандар, мүгедектер мен жалғыз тұратын қарт адамдар.
Түлектердің дайындық деңгейі халыққа арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінің барлық спектрін көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Әлеуметтік-тұрмыстық;
2. Әлеуметтік-медициналық;
3. Әлеуметтік-психологиялық;
4. Әлеуметтік-педагогикалық;
5. Әлеуметтік-еңбек;
6. Әлеуметтік-мәдени;
7. Әлеуметтік-экономикалық:
8. Әлеуметтік-құқықтық
Оқу барысында “Әлеуметтік жұмыс” мамандығының студенттері әртүрлі әлеуметтік топтардағы қарым-қатынастарды реттеу және қызметті ұйымдастыруда жетекші рөл атқара алатын тәуелсіз тұлға болу қажеттілігін жүзеге асырады, бұл үшін әр түрлі кәсіби тәжірибелер қарастырылған және еріктілер қозғалысы ұйымдастырылған.
Практика базалары қала мен облыстың халықты әлеуметтік қорғау мекемелері: әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі орталық, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер болып табылады.