Оның есімі халықтың жүрегінде

31 қазанда колледж кітапханашылары Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай “Оның есімі халық жүрегінде” атты ақпараттық-танымдық сағат өткізді.

Іс-шараға ЗУ-22 тобы қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жоғары шеберлік пен үлгілі еңбек жолын, әншінің жолын насихаттау, отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, өнер мен музыка арқылы тәрбиелеу.

Кітапханашылар білім алушыларға әйгілі әншінің өмір жолы туралы ақпарат берді. Оның шығармашылығы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы концерттік қызметі туралы айтылды, Роза Бағланованың қатысуымен мұрағаттық фотосуреттер мен бейнероликтер көрсетілді.

Әнші өз дауысымен миллиондаған адамдарды жеңіп, көптеген марапаттарға ие болды.

Роза Бағланова – бүкіл дәуірдің ұлттық символы, Біз Қазақстанның мәдениет және өнер тарихына зор үлес қосқан осындай даңқты есімдерді ұмытпауымыз керек екендігі атап өтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған