Баскетбол бойынша колледж кубогы

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледж қабырғасында 23-25 қараша аралығында оқу топтары арасында баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа 8 қыздар және 10 ұлдар командалары өз ара мықтыны анықтады.Барлығы жарысқа қатысқан студенттер саны 120 ға жуық.

Айтылған жарыс оқу орыннын спорт залында өткізілді.Қыздар командасы болсын немесе ұлдар командасы болсын тартысты ойын бірінші курс араларында өтті.Қыздар арасында тартысты ойында 31:27 есебімен ФК-2-17 командасы жеңіске жетті,екінші орынды ФК-16 командасы,ал үшінші орынды ПР-16 және СВПО-16 командаларынын қанжығылары майланды.

Одан әрі тартысты ойын ұлдар арасында өтті.Бұл ойындарда бірінші орынға ие болған ФК-1-17 командасы,екінші орынды ФК-15 командасы, ал үшінші орынға МСХПО1-17 командасы ие болды.

Топ студентерімен кураторларынан қызу қолдау ойынын басталуынан-ақ байқалды.

Бас төреші Кожевникова А.В. және жарыстын бас секретарь қызметін атқарған Набиркина Т.В. жарысты ұйымдастырыру және жоғары деңгейде өтуіне зор үлестерін қосты.

Айтылған жарыс баскетбол ойынын дамыту, денсаулықты нығайту және мықты әрі күшті спортшыларды колледж құрамасына іріктеу мақсатында өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған