Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арналған жаңа жыл

Жаңа жыл-бұл әрқашанда жағымды тосын сыйлар мен сыйлықтарды күту. Осы мерекені ересектер мен балалар күтеді, соның ішінде “ерекше” балалар. Бұл балалар басқа балалардан ерекшеленеді, бірақ сол барлық балаларға қажет махаббат, ойын және қарым-қатынас оларғада қажет. Олардың өмірі – бұл тек жаттығулар мен арнайы сабақтар ғана емес, ойын, қуаныш, онсыз балалық шақ болмайды.

“Ритм” еріктілер жасағы жыл сайын ерекше балаларға және олардың ата-аналарына да есте сақтарлықтай мереке өткізеді!

Осы  жылы біздің “Ритм” еріктілер жасағын Рудный қаласының ерікті мүгедектер қоғамында, “Амалия” балаларды оңалту орталығында, Қостанай қаласының дамуында ауытқуы бар балаларға арналған интернат-үйінде күтті.  Ит жылын қарсы алып жатқан соң сүйікті  мультфильмдері Барбоскиннің  бүтін бір отбасы келді. Сонымен қатар, балалар ертегі кейіпкерлерімен жарқын жаңа жылдық киімдерін киіп, шыршаны айнала ән салып, би биледі, ойын ойнады, көңіл көтерді, зымиян кемпір алып кете жаздаған  аяз ата мен ақшақарға тосын сый дайындады. Мүмкіндігі шектеулі балалар – өздері дарынды: олар ән, тақпақтар айтып  ерекшеленуге тырысты, олар өте сүйкімді, мейірімді және шынайы. Олар,  ата-аналар мен тәрбиешілер қатыса отырып қуанды, риза болып қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған