Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

9 ақпан күні Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінде «Кәсіптік оқыту»     «Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру» мамандығының 1 және 2  курс студенттері және Қостанай  мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Жәркен А.Р, Сатымкулова Н.У, Сламбек А.А ұйымдасыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған  «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр » атты әдеби – сазды кеш өткізілді.  Мерекелік кештің негізгі мақсаты: Хаңтәңірінің мұзбалағы атанған Мұқағалидың өмірі мен ақындық шығармашылық өнері туралы , студенттерге кеңінен мәлімет беру. Сонымен қатар , поэзияның патшасы атанған ақын өлеңдерінің негізгі мәнін түсіндіріп, көпшіліктің Мақатаев жырларына деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады. Әдеби кештің шымылдығын ақынның «Бүгін менің туған күнім» атты өлең жолдарымен колледж студенті Ишанбеков Наурызбай ашты.  Келесі кезекте ақының поэзияларынан үзінділер оқылып,  Мұқағалидың сөзіне жазылған  әсем әндерімен студенттер кештің көркін қыздырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған