«Менің жанымдағы Ауған»

2019 жылдың 29 қаңтарында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі мәжіліс залында «Менің жанымдағы Ауған» атты естелік-кеш өткізілген болды, бұл кеш кеңес әскерлерін Ауғаннан шығаруға арналған еді.

Іс-шара Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі және «Дорожный» қалалық кітапхана филиалы кітапханашыларымен біреге, ұйымдастырылған болды. Кешке Ауғаныстан әскери әрекет қатысушылары, конақ ретіндегі шақырылған ардагерлер келді: Сегизбаев Салмагамбет Кужагулович, Умурзаков Умарбек Даулеткереевич, Литвинов Эдуард Владимирович,  Бондаренко Валерий Владимирович анасы –Вера Александровна.

Іс-шара жүргізушілері, Ауғандағы әскери , Кеңес одағы әскерлері туралы қысқаша мәлімет берген.

Іс-шара барысында қатысушыларға Ауған соғысы фактілері жөніндегі видеороликтер көрсетілген болды. Ауған соғысы туралы естелік адамзат естелігінде мәңгілік қалады, өйткені, оның тарихы әскерлер қанымен және аналардың көз жасымен жазылған, қаңылтыр жұлдызшалары бар обелиск және біздің өмірімізге майдан желімен енген әндермен жазылған. 

Кеш барысында ауған әндері мен өлеңдері шырқалып, би нөмірлері орындалды. Жүргізушілер қаза болған сарбаздардың хаттарын оқыды. Ауған соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Студенттер интернационалист жауынгерлердің әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Бүгін олар сол соғыс туралы, ерлік туралы, даңқ туралы, қаза тапқан әскери жолдастары туралы естеліктерді сақтады. Дегенмен, олар өздерінің азаматтық борышын адал орындап, антқа адал болып аяғына дейін қалды.

Енді олар, өз мысалы ретінде, жастарды өз еліне деген адалдық пен сүйіспеншілікке тәрбиелейді және оқытады. Кеш соңында студенттер интернационалист-жауынгерлерге гүл сыйлады.

Мұндай кездесулер студенттерде патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, өткенді құрметтеуді, басқа халықтарға бауырластық қарым-қатынасты тәрбиелейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған