“Кәсіптік-техникалық” бөлімде техникалық пәндер апталығы.

Техникалық пәндер апталығы 2019 жылы 11-нші наурыздан – 20-нші наурыз аралағында өтті.

Тақырыбы: Заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, білікті мамандар даярлау сапасын арттыру үшін оқу-тәрбие және сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру.

Мақсаты: Бәсекеге қабілетті, техникалық сауатты, жан-жақты дамыған, өзінің кәсіби әлеуетін іс жүзінде іске асыра алатын маманды қалыптастыру.

Апта жоспарына сәйкес бірінші күннен бастап ғылыми-техникалық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. 1 курс арасында “Мен және менің мамандығым” газеттерінің сайысы өтті.  Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды АШМ-ПО-1-17 тобы иеленді. Осы топтың  газеті тақырыпқа және безендірілуіне толығымен сәйкес болды.

Аптаның осы күні Зеркалий И.А. және Шагун И.Н. арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен  “Техникалық пәндер” ПЦК апталығының салтанатты ашылуы өткізілді. Екінші күні Мурзагильдин Т. К., Маукина Э. М., оқытушылардың жауапкершілігімен дублер сабақтары өткізілді. Сабақ өткізу барысында студенттер оқу материалын жақсы меңгергенін көрсетті.

Үшінші күні колледждің оқу зертханасында тәжірибелі оқытушы Андров Б.А, АШМ-2К-17 тобымен “Электр жабдықтарын тексеру және техникалық қызмет көрсету” тақырыбы бойынша мастер-класс өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің арнайы пәндер бойынша білімдерін жинақтау және бекіту.  Студенттердің таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін, назарын аудару.

Төртінші күні арнайы пән оқытушысы Смагулов Б.Б “Әдеттер мен денсаулық” тақырыбы бойынша  сыныптан тыс ашық іс-шара өткізді. Ісшара өздеңгейінде өтті.

Бесінші күні ЗУ-17 тобында “Жерге орналастырушы” кәсіби шеберлік байқауының бірінші кезеңі өткізілді. Бірінші теориялық кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған студенттер , конкурстың екінші кезеңіне өтті.

Кәсіби шеберлік байқау, болашақ мамандардың біліктілігі мен кәсіби дайындық сапасын арттыру мақсатында өткізілді.. Конкурс еңбектің ұтымды тәсілдері мен әдістерін анықтауға және осы негізде білікті жұмысшыларды даярлау кезінде,  оқытуды жетілдіру және ұйымдастыру мен мазмұнын, кәсіптің беделін арттыруға бағытталған.

Аптаның соңғы күні “Жерге орналастырушы” кәсіби шеберлік конкурсының екінші кезеңі өткізілді.  Осы іс-шараға арнайы пән оқытушысы Можейко А.В жауапты болды.

Барлық топ – қатысушылар дипломдар мен грамоталарға ие болды. Апта қызықты өтті. Бөлім студенттері “Техникалық пәндер” апталығында,жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған