Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараны өткізу туралы есеп.

13 желтоқсанында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті!

Іс-шараның мақсаты – Отанға деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Әр адамның тарих алдында жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға 20-дан астам бірінші курс студенттері қатысты. Іс-шара 5 блоктарға бөлінді, ол үшін біз Отанымыздың басты қадір-қасиетін алдық:Тәуелсіздік, Қазақстан жері, көпұлтты, салт-дәстүр, Спорт.Осы салтанатты іс-шарада жүргізушілер екі тілде сөз сөйледі, өлеңдер мен әндер  айтылды, би нөмірлері көрсетілді.

Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған ірі, айтулы іс-шара болды. Балалар ерекше көрсеткендей: қай тілде сөйлессе де Қазақстан- олардың ортақ үйі.  Бұл туралы ұмытпау керек. Балаларға ел халықтарының тілдері мен мәдениетіне деген құрметін ояту үлкен ынтамен тырысу тиіс.  Бұл жайттарды колледж педагогикалық ұжымы іске асыруда.

Жоғарыда аталған іс-шаралар білім алушылардың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеуге, мемлекетке құрметпен қарауды дамытуға, халықтың салт-дәстүрлеріне оң көзқарасты қалыптастыруға, Отан тағдырына қатыстылық сезімін дамытуға ықпал етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған