«Дін және тәрбие» тақырыбында кездесу жиын өтті

14.02.2020 ж. Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің «Ақпарат-насихат тобының» мүшесінің ұйымдастыруымен  «Дін және тәрбие» тақырыбында кездесу өткізілді.

Негізгі мақсат еліміздің болашағы саналған жастар толқынының тура жолда, білімді әрі тәрбиелі болып өсуінде имамдардың, сонымен қатар бәріміздің атқарар міндетіміз, көтерер жүгіміз.
        Осыған орай «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы»

«Республикалық ақпарат-насихат тобының» мүшесі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Сманов Дінмұхаммед және Қостанай областық мешітінің имамы Бейсекеев Абзал Сұлтанғалиұлы қатысуымен ұйымдастырылды.

       Жастардың тәлім-тәрбие мәселесіне кеңінен тоқталып еркін форматта пікір алмасу өтті. 
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды.


Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің

арнайы пәндер оқытушысы

Саменова Асем Кулушпаевна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған