«Абай оқулары»

      Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

          Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  өткізілген «Абай оқулары»  аймақтық байқауына қолледждің студенттері қатысып, өнерлерін көрсетті.

    Абай оқулары үш номинациямен өтті  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Бұл номинацияда 1 курс студенті Кабденов Амир қатысты, көріністе М. Бакарова және  А.Тасмухамбетова  өз өнерлерін көрсете білді.

    Екінші «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» номинациясында, 2 курс  студенті Серкебаева Назерке тамаша ән орындады, көріністе Э.Бисемалиева және Е.Орынбасар қойылым көрсетті.

Қатысқан студенттерге  алғысымызды білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған