17 мамырда Kst09 құзыреті бойынша Worldskills VII аймақтық Чемпионаты басталды.

17 мамырда Kst09 құзыреті бойынша Worldskills VII аймақтық Чемпионаты басталды. Кәсіби шеберлік конкурсына Ы.Алтынсарин атындағы “Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі” КМҚК, “Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі “КМҚК,”Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК студенттері қатысты. Конкурстық тапсырмалар үш модульмен ұсынылды: а модулі – негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дене шынықтыруды оқыту, в модулі – физикалық даму диагностикасы, с модулі -Дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыру. Байқауда қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейін растады. Орындар келесідей бөлінді: 3 орын – Бердибаев Нуршат, Ы.Алтынсарин атындағы “Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі” КМҚК, 2 орын-Кирилл Бауэр, Ы.Алтынсарин атындағы “Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі” КМҚК, 1 орын-Уварова Мария, “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі”КМҚК. Чемпионат жеңімпаздарын құттықтаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған