Елдің рәміздері – тарихтың елеулі кезеңдері Мемлекеттік рәміздер күніне орай колледж кітапханасында «Қазақстанның рәміздері – ел тарихы» атты көрмесі ұйымдастырылды.

Елдің рәміздері – тарихтың елеулі кезеңдері Мемлекеттік рәміздер күніне орай колледж кітапханасында «Қазақстанның  рәміздері – ел тарихы» атты  көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде негізгі стандарттар мен басты мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясы ұсынылған. Сондай-ақ оқырмандарға рәміздердің пайда болу және өзгеру тарихы, мемлекеттік рәміздердің қандай нұсқалары қарастырылғаны туралы кітаптар ұсынылды. Көрмеге келген оқырмандар мемлекеттік рәміздердің авторлары – Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков, Шәкен Ниязбеков туралы біле алады

. Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған