«Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім»

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің алдында кәсіби өзін – өзі анықтауға қабілетті, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді меңгерген, барлық жағдайда үш тілде коммуникативтік-әрекеттік операцияларды жүзеге асыруға қабілетті, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын көпмәдениетті тұлғаны дамыту мақсаты қойылған.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біздің колледжде жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап оқытушылар К.Калимова, В.Жаркова «Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім» атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойынның мақсаты:тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру барысында өтті. Бірақ бұл мереке ерекше болды, өйткені Қостанай қаласындағы “М. Қозыбаев атындағы № 23 ОМ”,”№18 мектеп-гимназия” және “№16 орта мектеп” қатысты.

Мектеп оқушылары тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сұрақтарға үш тілде жауап берді. Олар білімдерін дәлелдей білді және колледж туралы ақпарат алды. Нәтижесінде “№16 мектеп-гимназия” бірінші орынға

“М. Қозыбаев атындағы № 23 ОМ” екінші орынға және “№18 орта мектеп” үшінші орынға ие болды.

Жарайсыздар оқушылар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған