18 ақпанда “Қостанай индустриалды педагогикалық колледжі” КМҚК базасында колледж студенттеріне арналған “1С:Кәсіпорын 8″платформасында есептік-аналитикалық тапсырмаларды бағдарламалау бойынша олимпиаданың аймақтық туры басталды.

Олимпиада жыл сайынғы студенттік 1С: жарыстар аясында өткізіледі. Студенттер үшін Бұл бизнес-қосымшаларды әзірлеу саласындағы өз білімдерін бағалау және “1С:Кәсіпорын 8” меңгеру, “1С”әлеуетті жұмыс беруші – серіктестерімен танысу мүмкіндігі. Студенттік жарыстарға қатысу оқу орындарына бейіндік пәндерді оқыту сапасын бағалауға, білім алушылардың ынтасын және оқу курстарының практикалық бағдарлануын арттыруға, бизнес-ортамен перспективалық ынтымақтастық негіздерін қалауға, талапкерлер арасында өзінің тартымдылығын арттыруға көмектеседі. Аймақтық турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз республикалық кезеңге өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған