Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру, кәсіби құзыреттілікті дамыту, студенттердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру мақсатында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде “Аспазшы”құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Арнайы пәндер оқытушысы Кухаренко О.А. әзірлеген және өткізген “аспаздық вернисаж ” Worldskils стандарттары шеңберінде жоғары деңгейде өтті. Сегіз қатысушы “аспазшы”мамандығы бойынша үздік атағы үшін күресті. Әлеуметтік серіктестер қатысқан тәуелсіз қазылар алқасы бірінші орынды Қуанышбай Баймагамбетке берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған