Облыстық case-study семинары

2022 жылдың 08 сәуірінде Информатика және ақпараттық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде “оқу үрдісіндегі медиабілім және медиакомпетенттілік”тақырыбында облыстық case-study семинары өтті.

Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Қостанай инженерлік-экономикалық колледжі, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің ақпараттық пәндер оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің оқытушысы Султанова Н.Т. “Қазақ ұлттық ойындары” мобильді қосымшасын әзірлеу”тақырыбы бойынша ашық сабақ берді.

Медиа білімнің маңыздылығы, жаңа ұрпақты қазіргі ақпараттық жағдайдағы өмірге дайындау қажеттілігі, әртүрлі ақпаратты қабылдау, адамды оны түсінуге үйрету, оның психикаға әсерінің салдарын түсіну, техникалық құралдарды қолдана отырып, вербалды емес байланыс формалары негізінде қарым-қатынас тәсілдерін және медиа сауатсыздықты оқытуды меңгеру қажеттілігі туралы айтылды.

Тренингтер мен кейстерді шешу барысында оқытушылар ақпаратты трансформациялау, баламалы көзқарастарды қабылдау, өз пікірлерін дәлелдеу, ұсынылған ақпараттан деректерді шығару біліктерін пысықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған