18 мамырда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде 34 құзыреттілік “Аспазшы ісі” бойынша Worldskills – Қостанай 2022 аймақтық чемпионаты басталды

Чемпионаттың ашылуы салтанатты түрде өтті, қатысушыларды колледж директоры Жаркенов Аскар Каримбаевич құттықтады. Қостанай облысының 12 колледжінен 12 қатысушы жұмысқа кірісті.
Алаңға “Талап” өкілдері, бас техникалық сарапшы және Қостанай облысы білім басқармасының өкілі келді.
Байқаудың қорытындысы әділ болсын, ал процесс барлық қатысушыларға рахат пен пайда әкелсін! Біз қатысушыларымызға сенеміз, өйткені олар біздің болашағымыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған