«Ұлттың рухани ұстазы» ақпараттық сағаты

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы жылында «Бір ел – бір кітап акциясына орай колледж кітапхана қызметкерлері индустриалды педагогикалық колледжінің МСХ-21 тобының студенттеріне арнап «Ұлттың рухани ұстазы» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапханашы студенттерді қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, Ахмет Байтұрсынұлының талантының қыр-сырын ашып, жалпы өз елінің нағыз азаматы, патриотының портретін жасады. Ол қазақ тіл білімінің бастауында тұрғанын, араб графикасына негізделген қазақ жазуын реформалағанын атап өтті. Шара барысында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ даласының ұлы перзенті» атты бейнеролик көрсетілді. Шара соңында оның ғалым, жазушы, журналист, Алаш қозғалысының қайраткері ретіндегі жан-жақты қызметін ашатын кітаптар мен мерзімді баспасөз материалдары ұсынылды. Олардың ішінде: Қамзабекұлы Д. «Алаш және әдебиет», Үмбетәлиев «ЮНЕСКО өнерінде ұлт ұстазы ұлықталды», Исимақова «Ахмет Байтұрсынұлы: Жазған сөз жаным ашып АЛАШЫМА» т.б.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған