Тәуелсіздік Күніне арналған ауызша журнал

14 желтоқсан күні Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне арналған ауызша журнал өткізілді.

Орын алған дәстүр бойынша бірінші құттықтау сөзін білдірген колледж директоры М.К. Журкабаев. Ол студенттер мен ұстаздарды құттықтап, Калимова К.Б., Кишкентаева А.С., Смирнова Г.И. Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасы мадақтамаларын ұсынды. Тәуелсіздік Күнін атап өтумен, футбол турнирлері мен фотоколлаж сайысына қатысқан студенттерге мадақтамалар берген.

Ауызша журнал беттерінде жас республика қалыптасуының тарихи жайттары аталған болды: «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасы, «Қазақстанның сакральды географиясы», «100 жаңа кейіп» арнайы жобалар. Осы шараны топтардың жас кураторлары, бірінші курс студенттермен бірге өткізген: ЖО-17 Можейко А.В., ӘЖ-17 Савенко Е.И., АШМ-КО-1-17 Маукина Э.М.

Әрбір парақша ерекше қызықты, өнер көрсету нөмірлермен болды: Қаражорға биі, ұлдар хоры «Туған жер» әнін, ӘЖ-17 үштік әнін орындады, топпен хорға қатысты. Көрермендерге орындау шеберліктері өте ұнады: ЖО-17 Бинеева Сабина, АШМ-КО-2К-15 Шамганова Аскар, ЖО-17 «Планета парады» атты арнайы эффектермен орындалған нөмір ерекшеленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған