Ашық есіктер күні

10 қаңтар күні Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі түлектеріне арналған ашық есіктер күні өткізілді.  Колледжге Қостанай және Таран ауданы мектептері түлектері келді.

Колледждің мәжіліс залында оқушыларды колледж тарихымен таныстыратын видеофильм көрсетілді. Түлектер үшін колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Колледж оқытушылары түсінікті түрде колледжегі оқытылатын мамандықтар жайында ақпарат жеткізду.

Қонақтар колледж спорт залын, жаттықтыру залын, жатақханасын, спорт алаңын, кітапханасын, компьютер сыныбын, шеберханаларын, асханасын, мобильді орталығын көру мүмкіндігі болды.

Колледж мұражайында оның тарихы, жетістіктері, түлектері, мамандықтары туралы айтылды. Шеберханаларды және лабораторияларда өндірістік оқыту шеберлері «Кәсіби оқыту» мамандығымен жақын таныстырды. Оқу асханасында, өндірістік оқыту шеберлері мен «Кәсіптік оқыту» мамандыруымен «Тамақ дайындау техноогиясы» мамандығының білім алушылары пісірген тәттілер берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған