“Парасаттылық пен адалдық” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді

2019 жылы 15 қазанда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде студенттер арасында “Парасаттылық пен адалдық” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты: студенттердің бойында адалдық, парасаттылық бағдар бойынша тәрбиелеу, білім алушылар бойында өзін, өз іс-әрекетін және мінез-құлқын ұғынуға ұмтылысын дамыту; тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, жауапкершілікті және парасаттылықты қалыптастыру, бұл студенттер үшін жаңа идеялар мен өмірге жаңа көзқарастар үшін жағымды қадам болып табылады.

Педагог –психолог Маханбетова Айгерим Айтбаевна “Жақсылық жіптері”, “тиімді алмасу”, «сенімге тренинг» атты тренингтер барысында студенттерді екі топқа бөліп, “жақсылық –бұл…”, “мейірімді адам ұқсайды……………….” деген жаттықтырудан өтті.

Осы іс-шара барысында студенттер ашық болып, белсенді қатысып, бастамашылық көрсетті.

Іс-шара соңында рефлексия өткізілді, онда студенттер адалдық пен адамгершілік сияқты қасиеттерге баға берді , студенттер “жақсылық жасау және адал болу” мораль принципі бойынша әрекет ету ниетімен көзге түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған